вторник, 29 апреля 2008 г.

Бермет АҚАЕВА: Мен қазақтың қарапайым келінімін



БАЛАМ ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУІ КЕРЕК

– Қазақстан үшін де, Қырғызстан үшін де ортақ өзекті мәселе – тіл проблемасы. Сіздің ойыңызша, екі елге де ортақ тіл мәселесін қалай шешуге болады?

– Иә, бұл проблема өте қиын. Мен сияқты қалада өскендер кезінде мектепте қырғыз тілін мүлдем оқымаған. Соған қарамастан, мен бала кезімде ауылда тұратын әжеме жиі барып тұратынмын. Сондықтан мен қырғыз тілін бала кезімнен жақсы меңгердім. Әрине, қырғызша әдеби деңгейде жақсы сөйлей аламын дей алмаймын, дегенмен өзге жастарға қарағанда тілді кәдімгідей білемін. Қазір тіл мәселесіне ерекше көңіл бөлініп жатқаны белгілі. Білуімше, медиа форумның сессияларының бірінде тіл мәселесі де талқыланыпты. Қазақстанда тілді дамытуға бағытталған көптеген оқулықтар мен кітаптар, бейне фильмдер шығарылып жатыр. Өкінішке қарай, бұның өзі аздық етіп отырғандай. Себебі тілді оқулықтар арқылы ғана меңгеру аздық етеді. Негізінен мемлекеттік тілді дамыту үшін сол тілде сөйлейтін орта болуы қажет. Былайша айтсақ, қоршаған орта – көше, телевидение, т.б. салалар сол тілде сөйлеуі тиіс. Бұл тұста сапалы оқулық, кітаптар шығарумен қатар, күллі мектептерді бұл еңбектермен қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ тілді үйрететін сапалы оқытушы мамандардың да болғаны шарт. Меніңше, бұл мәселелер біртіндеп қолға алынып жатыр. Қазақстанда да, Қырғызстанда да тіл мәселесін шешуге бағытталған іс-шаралардың қолға алынып жатқаны қуантады.

– Ал сіздің ұлыңыз қай тілде тәрбиеленіп жатыр?

– Менің жалғыз ұлым бар. Біз отбасында көбіне орысша сөйлесеміз. Өз басым қазақша жақсы түсінемін. Бірақ сөйлеу қазірше қиындау. Дегенмен ауыл-аймақтарға барсақ, өз ойымды қазақша-қырғызша жеткізе аламын. Былайша айтқанда, шала қазақша, шала қырғызша өз ойымды жеткізуге тырысам. Үйде тілді әжелеріміз арқылы меңгеруге тырысып келеміз.

– Сонда балаңызға қазақ және қырғыз тілдерін үйретіп жүрсіз бе?

– Балам, ең алдымен, қазақ тілін білуі керек. Қырғыз тілін үйрене ме, жоқ па, білмеймін. Меніңше, егерде балам қазақ тілін меңгеріп алса, ол қазақ тілі арқылы қырғыз тілінде де жақсы сөйлеп кетеді.


Толығырақ "Айқын" газетінде http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=168&pub=17798

7 комментариев:

Анонимный комментирует...

Bermet ademi kyz eken! Koltanbasyn bireu surap atyr ma?

Асхат Еркімбай комментирует...

Суретке әдемі түсіп қалыпсың :)

Kamshat комментирует...

Бакытнур, шынымен-ак Бермет оте инабатты, салмакты, адемі әйел екен. Мунда колтанбасын алып жаткан жок, керісінше, бир уйым окілі кітабын сыйлап жатыр.
Асхат, созине рахмет! Украинадан келдін бе?

Анонимный комментирует...

Askhat: ademi tusedi ekensin?degen edin...

Ademi kyzdar ademi tusedi :)

Bermet shynymen makalasynda aitkandai bolsa jaman kyz emes eken.

Jalpy Askar myrza magan unaityn. Bilikke semya adamy aralassa elden demokratia ketedi......

Анонимный комментирует...

Камшат, сіз сонгы кезде саяси тұлғалармен жакын араласа бастапсыз ғой. Оңынан болсын, бәрі!
Сөздің шындығына келгенде, Берметтің жанында сұлу екеніңіз рас!

Kamshat комментирует...

Бакытнур, созіне де, ниетіне де рахмет!
Адил, сіз де мактапсыз гой, сізге де алгыс айтамын!
Айтеуир казах жігіттері колдамаганда, кім колдайды?!

Kamshat комментирует...

Бакытнур, созіне де, ниетіне де рахмет!
Адил, сіз де мактапсыз гой, сізге де алгыс айтамын!
Айтеуир казах жігіттері колдамаганда, кім колдайды?!