среда, 14 мая 2008 г.

Украинаға - Лужков, Қазақстанға - Жириновский қайғы



Қазақстан мен Украинаның, Жириновский мен Лужковтың 10 айырмашылығы:

1. «Оларда, тіпті, тіл жоқ. Мен тұр­ған жылдары олардың бәрі орысша сөйлейтін» дей отырып, Солтүстік Қазақстанға да көзі түсіп, орайы келсе сөзін қосып қалатын Владимир Жири­новскийдің қазақ жеріне келуіне тыйым салынбаған. Есесіне «орыстың Қырымы, Севастополі» деп террито­риялық мәселені қоздырып жүрген Луж­ков Украинаға бұдан бы­лай аяқ баса алмайды.

2. Жириновский мырза Ресейдің Қазақ мемлекеттілігіне қарсы өкілетті және төтенше өкілі, ал Лужков Ресей­дің Украин мемлекеттілігіне қарсы өкілет­ті және төтенше елшісі іспетті. Бірақ Лужков өзінің 80 жылдығын Украинада тойлай алмайды. 3. Жириновскийдің үш Отаны бар. Ресей, Израиль және Қазақстан. Ал Луж­ковтың жалғыз Отаны бар. Ол – Ресей. 4. Жириновский де, Лужков та ас­та­наларда туылған. Жириновский Қа­зақстанның бұрынғы астанасы – Ал­матыда, ал Лужков Ресей астанасы – Мәс­кеуде дүниеге келген. Юрий – Мәскеудің патриоты, ал Вова... ол да Мәскеудің патриоты. 5. Есесіне Лужковтың 150-ге жуық басқа киетін кепкасы бар, мұндай «бас киім қоры» Жириновскийде жоқ. Бі­рақ қазекемдер Воважанның 60 жыл­дығында басына бір тақия кигізген шы­ғар, сірә...6. Десек те, Жириновскийде қа­зақша шапандар бар сияқты. Ал Луж­ков қазірше «шапанизация» процесінен өтпеген азамат. 7. Владимир Жириновский су іш­кен құдығына түкірген адам, ал Лужков­тың ондай жаман қасиеті жоқ. 8. Біздің Вова Алматыда балалық шағын өткізіп, Медеуде шаңғы теуіп, велосипед айдап өссе де, Қазақ­стан­ның мемлекеттік тілі – қазақ тілін біл­мейді, ал Юрий Лужков Ресейдің мем­ле­кеттік тілі – орыс тілін жақсы меңгерген. 9. Биыл Жириновский 62-де, Лужков – 72-де. Өзін тым жас сезінетін Жи­риновский әлі күнге дейін «тектек бала» рөлін ойнайды, саяси шоумен, клоун. Ал Лужков бұның қасында сал­мақты саясаткер. 10. Лужков тым болмаса тың игеру жылдары Қазақстанда жұмыс істеген, ал Жириновский Қазақстанның нанын жеп, Ресейге қашып кеткен сы­ңайлы. Лужковты Арал проблемасы ма­залайтын сияқты, ал Жиринов­скийді Қа­зақстандағы қазақылану процесі алаңдатады.

четверг, 8 мая 2008 г.

Жеңіс күні құтты болсын!



Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Сіздерге мол қуаныш, зор денсаулық пен ашық аспан тілейміз! Бала-шаға, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, арамызда шат күліп жүре беріңіздер! Ерліктеріңіз үшін тағзым етеміз!