среда, 2 апреля 2008 г.

Алматыға Олимпиада алауы жетті!



Бүгін Алматыда бүкіл орталық көшелер, атап айтқанда, Достық даңғылы, Фурманов көшесі, Абай даңғылы мен өзге де көшелер полиция қызметкерлерінің ерекше қадағалауына алынып, жабылды. Оған да себеп жоқ емес. Бүгін қазақ тарихында тұңғыш рет күллі әлемнің назарына ілігіп отырған Олимпиада алауы Қытай астанасы Бейжіңнен Алматыға жеткізілді. Халықтың көңіл-күйі керемет! Көлік тығыны мүлдем жоқ. Көптеген алматылықтар өз көліктерін үйлеріне қалдырған, себебі Олимпиада Алауы тұңғыш рет қазақ жерінде тұтанып отыр. Олимпиада алауын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұтандырып, әлемге әйгілі спортшы, қазақтың мақтаныш тұтатын ұлдарының бірі Бақтияр Артаевтың қолына табыстады. Эстафетаны белгілі әншілер Роза Рымбаева, Батырхан Шүкенов, т.б. азаматтар өз қолдарына алмақ. Алматыдан кейін Олимпиада алауы Стамбұлға аттандырылады.

Комментариев нет: