среда, 16 апреля 2008 г.

Қазақ жастары үшін қуанамын!

Аллаға шүкір, қазір менің көптеген құрбы-достарым шетелде оқып, білім алып жатыр. Бір құрбым жақында Ұлыбританияда оқып келді. Енді бар білімін қазақ мемлекетінің дамуына салмақ. Ал, Мәссаған.ком жастар порталын жасайтын Бақытнұр мен Жанарбек деген жігіттер Оңтүстік Кореяда оқып-тоқып, білімдерін жетілдіріп, жұмыс істеп жатыр. Иншалла, олардың да Қазақстан дамуына қосар үлесі зор болады деп сенеміз. Ал, журналист Гүлнәр құрбым Грузияда америкалық бағдарлама бойынша оқып жатыр. Білікті журналист Гүлнәр да елімізге шабадан толы білім мен тың идеялар әкелмек. Сондықтан "Болашақпен" болмаса да, өз білімдерінің арқасында өзге де бағдарламалар бойынша шетелде оқып жатқан қазақ жастарына мол табыс пен сәттілік тілеймін. Олардың ертеңгі күні ел дамуына қосар үлесі көп болмақ!!! Иншалла, сол күнге жеткізсін.

Комментариев нет: