
Қазақстан мен Украинаның, Жириновский мен Лужковтың 10 айырмашылығы:
1. «Оларда, тіпті, тіл жоқ. Мен тұрған жылдары олардың бәрі орысша сөйлейтін» дей отырып, Солтүстік Қазақстанға да көзі түсіп, орайы келсе сөзін қосып қалатын Владимир Жириновскийдің қазақ жеріне келуіне тыйым салынбаған. Есесіне «орыстың Қырымы, Севастополі» деп территориялық мәселені қоздырып жүрген Лужков Украинаға бұдан былай аяқ баса алмайды.
2. Жириновский мырза Ресейдің Қазақ мемлекеттілігіне қарсы өкілетті және төтенше өкілі, ал Лужков Ресейдің Украин мемлекеттілігіне қарсы өкілетті және төтенше елшісі іспетті. Бірақ Лужков өзінің 80 жылдығын Украинада тойлай алмайды. 3. Жириновскийдің үш Отаны бар. Ресей, Израиль және Қазақстан. Ал Лужковтың жалғыз Отаны бар. Ол – Ресей. 4. Жириновский де, Лужков та астаналарда туылған. Жириновский Қазақстанның бұрынғы астанасы – Алматыда, ал Лужков Ресей астанасы – Мәскеуде дүниеге келген. Юрий – Мәскеудің патриоты, ал Вова... ол да Мәскеудің патриоты. 5. Есесіне Лужковтың 150-ге жуық басқа киетін кепкасы бар, мұндай «бас киім қоры» Жириновскийде жоқ. Бірақ қазекемдер Воважанның 60 жылдығында басына бір тақия кигізген шығар, сірә...6. Десек те, Жириновскийде қазақша шапандар бар сияқты. Ал Лужков қазірше «шапанизация» процесінен өтпеген азамат. 7. Владимир Жириновский су ішкен құдығына түкірген адам, ал Лужковтың ондай жаман қасиеті жоқ. 8. Біздің Вова Алматыда балалық шағын өткізіп, Медеуде шаңғы теуіп, велосипед айдап өссе де, Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілін білмейді, ал Юрий Лужков Ресейдің мемлекеттік тілі – орыс тілін жақсы меңгерген. 9. Биыл Жириновский 62-де, Лужков – 72-де. Өзін тым жас сезінетін Жириновский әлі күнге дейін «тектек бала» рөлін ойнайды, саяси шоумен, клоун. Ал Лужков бұның қасында салмақты саясаткер. 10. Лужков тым болмаса тың игеру жылдары Қазақстанда жұмыс істеген, ал Жириновский Қазақстанның нанын жеп, Ресейге қашып кеткен сыңайлы. Лужковты Арал проблемасы мазалайтын сияқты, ал Жириновскийді Қазақстандағы қазақылану процесі алаңдатады.
4 комментария:
Osynyn barin saraptap kaidan bilip otyrasyn, molodec!
Рахмет, Бакытнур! Булардыки козге корініп турады гой, әли де маселе коп...
makalan jaksi eken. Byrak, kai narsege fokus jasagin kelgendi tolik tusine almadim. Lujkov, senin makalanda positivty korinetyn syakty. Birak, ekeuin de problemasi ari jakindastyratyn narsesi ---ekeuinin de Reseidin muddesin oilaui.Meili saikimazak turinde, meili sabirlylau turde. Birak, arine budan Reseidin utari shamali.Bir sozben aytkanda, memleketke jau tauip beretyn adamdar
Пікіріне рахмет. Лужковты актайтын ойым жок, дегенмен бул туста Жириновскийдін малімдемелерінін каншалыкты киын екенін корсету ушін осылай жазуга тура келді. Лужков - Жириновский емес кой. Сенін де ойын дурыс.
Отправить комментарий